«Құлагер» хоккей клубы ел чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті. Бұл жолы теріскейлік имек таяқ шеберлері «Ақтөбе» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жергілікті «Құлагер» хоккей клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Бірінші период теріскейліктердің пайдасына шешілді. Есеп — 1:0.

Екінші кезеңде қос команда жақсы ойын үлгісін көрсетті. Әдемі шайбалар соғылды, командалар жеңіс үшін барын салды. Ал үшінші периодтың басында жерлестеріміз төрт те екі есебімен алға шыққанымен қонақтар соңғы минуттарда есепті теңестірді.

Ойын буллит кезеңіне дейін жалғасты. Шешуші сәтте құлагерліктер қателік жібермей, жеңісті жұлып алды. Теріскейлік имек таяқ шеберлері 37 ойында 27 рет жеңіске жетті. Қазіргі таңда 46 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *