«Құлагер» ХК жарқын жеңіске жетті. Бұл жолы петропавлдық команда чемпионат фаворитінен басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда хоккейден ел чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. Бұл жолы «Құлагер» ХК турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Сарыарқа командасымен кездесті. Айта кету керек, екі команда да плей-оффқа жолдама алып қойған.
Бірінші периодта қарсыластар қақпаларына бір-бір шайбадан соқты. Екінші кезеңде есеп ашылмады. Есеп — бір де бір.
Ал үшінші период тартысқа толы болды. Шешуші кезеңге жаңа тактикамен шыққан жерлестеріміз 10 минуттың ішінде қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Бірақ, ойын соңында алаң иелерінің босаңсығанын пайдаланған қонақтар екі шайба соқты.
Ойын бес те төрт есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Айта кету керек, Құлагер хоккей клубы ел чемпионатында 51 ойын өткізіп, 66 ұпай еншіледі. Турнирлік кестеде бесінші орында тұр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бес адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталды

