Демалыс күндері «Құлагер» хоккей клубы қонақта оңтүстік астаналық «Алматы» командасымен кездесті. Тартысқа толы матчта теріскейлік имек таяқ шеберлері жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бірінші периодтың басында алаң иелері теріскейлік хоккейшілердің қақпасына шабуылды қарша боратты. Нәтижесінде бірінен соң бірі екі шайба соқты. «Құлагер» ХК қателіктен сабақ алып, кезең аяғына дейін есепті теңестірді.
Екінші период тең дәрежеде өтті. Қарсыластар бір-бірлерінің қақпасына бір шайбадан тоғытты. Есеп 3-3. Үшінші кезеңде алаңда теріскейліктер үстемдік орнатты. Алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі шайба соғып, үш те бес есебімен жеңіске жетті.
Жарқын жеңістің арқасында солтүстікқазақстандық хоккейшілер турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Теріскейліктер 32 ойыннан 42 ұпай еншілеген.
Тағы оқыңыз: Петропавлда тергеу изоляторында «Кезек –оnline» енгізілді

