.Нұрмұхамбетов: су тасқыны жағдайына қарамастан облыс экономикасы тұрақты дамып келеді

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің жетекшілігімен жиын өтті. Онда 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджеттің шығыс және кіріс бөліктерінің атқарылуы қаралды, деп жазады Qazaqstan Media.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 2,0% өсіммен 84,4 млрд теңгені құраса, өнеркәсіпте 4,7% өсіммен 327 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Өсуді «ЗИКСТО», «Маслодел», «Евразиан милк», «Радуга», «Зеленый север», қағаз өнімдері зауыты, «СТ Assembly», электротехникалық зауыт сынды кәсіпорындар қамтамасыз еткен.

Облысқа 172 млрд.теңге инвестиция тартылып, 10,1%-ға өсті. Құрылыста да орындалған жұмыс көлемі 12,9%-ға өсті. 90,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Дегенмен, жекелеген аудандарда өнеркәсіптік өнім көлемінің төмендеуі байқалады. Мысалы, Жамбыл ауданында 28 % — ға жуық, Шал ақын ауданында 19 % — ға төмен. Мамлют ауданындағы көрсеткіштер 17% – ға жуық. Тайынша мен Уәлиханов аудандарында  тиісінше 10 және 12%. Есіл ауданында төмендеу 7%  құрады. Аққайың ауданында-5 %, Мағжан Жұмабаев ауданында-4 %.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауаны ластау фактілері тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x