Ғ. Мүсірепов ауданында су басу қаупі бар аймақтарда 200-ге жуық адам тұрады

СҚО-да су басу қаупі бар аймақтардың бірі — Ғ. Мүсірепов атындағы аудан. Қазіргі уақытта Рузаев ауылдық округінде 77 шаруашылықты су басу қаупі жоғары. Себебі бұл жерде Шарық және Жемборақ  өзендері орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әзірге Рузаевта қар еріп жатқан жоқ. Бірақ мамандар төтенше жағдайға дайын. Округте тұрғындарға арналған 2 эвакуациялық пункт пен қажетті құрал-жабдықтар және инертті материалдар әзірленген. Жауапты мердігер ұйым қызметкерлері елді мекендердің көшелеріндегі қарды шығарып, арықтарды тазартып жатыр. Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы су басу қаупі бар аймақтарда 200-ге жуық адам тұрады.

«Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауылдан 6000 текше метр қар шығарылды. Күніне тұрғындардан 5-6 өтінім келіп түседі. Солар бойынша жұмыс жасаймыз. Төтенше жағдай бола қалса оған дайынбыз», — деді Рузаев ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Алғожин.  

Ғ. Мүсірепов ауданында су басу қаупі бар аймақтарда 200-ге жуық адам тұрады

26 наурыз күні ауданға облыстық ТЖД-ның жедел әрекет ету тобы келген. Мамандар инертті материалдарды дайындауға, қаптарды толтырып оларды қауіпті орындарға орналастыруға көмектеседі.

«Біз ауданға сорғы құрылғылары мен  мотопомпаларды алып келдік. Сондай-ақ жергілікті өрт сөндіру бөлімдерінде батпақта жүретін көлік, вахталық станция бар. Егер су басып, жағдай қиындап жатса тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіретін боламыз», — СҚО ТЖД бастығының орынбасары Азамат Қабдуллин.

Ауданға ТЖД-нен 13 адам мен 3 техника көмекке келген. Құтқарушылар Рузаев пен Тахтаброт ауылдарында жұмыс істеп жатыр. Синоптиктер алдағы күндері ауданда қар күрт еритінін айтып отыр. 

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі Тайынша ауданында тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x