Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишимское ауылында кезекті бесқабатты үй бой көтеруде. Нысан қолданысқа берілгеннен соң 50 отбасы баспанамен қамтылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мұндағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Қазірдің өзінде екінші қабат бой көтеріп үлгерді. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Бұл аталған елді мекенде халық игілігіне салынып жатқан жетінші көпқабатты үй. Айта кету керек, тұрғынжайлар «Отбасы банк» салымшыларына арналған.
Құрылыс жұмыстарымен жергілікті «Зерттеу»серіктестігі айналысуда. Ал маңызды нысаңға қаржы облыстық бюджеттен бөлінген. Мұнда тұрғындарға бар жағдай жасалатын болады. Балалар алаңы, автотұрақ, орындықтар, бейнебақылау, жасыл аймақ және тіпті жеке шаруашылық алаңы да қарастырылған. Тіпті, мүгедек жандар үшін пандустар орнатылады.

Жергілікті әкімдік өкілдері құрылыс жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауда. Келіп тексеріп отырады. Себебі, тұрғындар сапалы баспанада тұруы тиіс. Айта кету керек, аталған елдімекенде келесі жылы дәл осындай көпқабатты баспана салынатын болады.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық оқушы Гиннес рекордтар кітабына енді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *