Ғ. Мүсірепов ауданында 10 ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп жатыр. Оған қоса, сегіз ауылішілік жол дұрысталады, де жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл көптен күткен республикалық маңызы бар Петропавл-Жезқазған тас жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жолдың 42 шақырымы аудан ішімен өтеді. Оған төрт миллион теңгеден астам ақша бөлінген. Мердігер компания — «СарыкольдорСтрой» ЖШС.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар Саумалкөл-Новоишимское-Червонное арасындағы жол ретке келтірілуде. Оған деп қазынадан 1 млн 200 мың теңге бөлініпті.

Салқынкөл ауылы маңындағы көпірдің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба құны -1,4 млрд теңге.  Әзірге, бұл сомманың 1 млрд теңгесі игеріліпті. Биыл аталмыш жұмысқа 20 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ Ялты ауылындағы көпір күрделі жөндеуден өтуде. Оған қоса, аудандық маңызы бар жолдарда да жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

  • Шұқыркөл-Андреевка-Раисовка;
  • Березовка ауылы арқылы Бірілік ауылына апаратын жол;
  • Тахтаброд-Ковыльное-Сокологоровка;
  • Рузаевка-Чернозубовка;
  • Березовка ауылына кірер жол;
  • Көкшетау-Рузаевка-Шұқыркөл-Новоселовка-Саумалкөл-Червонное.

2024 жылы Ғабит Мүсірепов ауданында 10 ауылішілік жол реттеледі. Оған 874,6 млн теңге бағытталған. Ауданның Ковыльное, Чернозубовка, Володарское, Ефимовка, Буденое, Тоқсан би, Ломоносовка және  Раисовка ауылдарындағы жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталса, Ставрополка мен Возвышенкада жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр.

«Ковыльное ауылында 2,7 шақырым, Ставропольде 5,9 км жол жөнделді, бірақ олар қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Содан кейін жөндеу толық аяқталмақ. Возвышенкада 2023 жылғы жөндеу жобасы іске асырылуда. Онда ұзындығы үш шақырым жол жөнделді. Володарское ауылында 2,1 км жол қалыпқа келтірілді», — деді Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Досбол Сегізбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-дан екі жылқы V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x