[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/f0d4ae6c-93bb-4f32-8a6b-67f263bf3df6-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Өткен жылы кәмелеттік жасқа толмағандар 21 қылмысқа барса, 67 құқық бұзушылық фактісі 18 жасқа толмағандардың өздеріне қатысты жасалған. Мамандардың сөзінше, бұл 2021-ші жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аталған фактілер облыс прокурорлары жүргізген тексеру және талдау жұмыстарының барысында анықталған. Мәселен, М.Жұмабаев ауданында 14 жастағы қыз өзінен 16 жасқа үлкен ер адаммен тұрған. Бір қызығы, мектеп басшылығы оқушының ата-ана қарауынсыз қалғандығын білген. Алайда, ешқандай іс-шара қабылдамаған.
«Ал Уәлиханов ауданында патронатты отбасында тәрбиеленіп келген кәмелетке толмаған балаға қатысты құқық бұзушылық жасалғаны анықталды. Яғни, қамқоршылық жасауы тиіс әке баланы ұрып-соғып, күн көрсетпеген. Жауапты тұлғаларға қатысты тиісті жаза қолданылды»,-дейді СҚО прокуратурасының басқарма прокуроры Әмір Рахымов.
Ал ақпан айында 4-ші мектепте маскі киіп, пышақ және балтамен қаруланған оқушы 3 баланы жарақаттады. Прокурорлар жүргізген талдау нәтижесі көрсеткендей, бұл бала 2021-ші жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен. Оның үстіне мінез-құлқында да ақаулар болған.
«Бұл оқушының мінез-құлқында ауытқулар пайда болғаны туралы мектеп басшылығы білген. Бірақ, олар дер кезінде шара қолданбаған. Оның үстіне 3 ай бойы сабаққа бармаған. Осы уақыт аралығында ол арнайы емдеу мекемесінде ем алған»,- дейді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.
Облыс бойынша 1119 бала түрлі ауытқулармен есепте тұр. Прокурорлар тиісті органдар осы балалармен және ата-аналарымен қажетті жұмыс жүргізуі тиіс дейді.
Тағы оқыңыз: Үйлерінде заңсыз қару сақтаған солтүстікқазақстандықтар анықталды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]