Өрттен қаза тапқан жандардың отбасылаына қандай қолдау көрсетіледі?

Абай облысындағы өрттен көз жұмған қызметкерлердің отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден төленеді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден беру жоспарланған. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жаудан қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды. Оқыс оқиғадан кейін жақындарынан айырылғандарға келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

* отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

* отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

* қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

* БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады. Бұл берешектерді есептен шығару үшін жасалмақ. 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Сондай-ақ, ақылы бөлімде оқитын студенттер грантқа ауыстырылмақ. Бұл магистранттарға да қатысты.

Тағы оқыңыз: Президент мерт болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x