[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»14373,14374,14375,14376″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров пен қала әкімі Руслан Аңбаев Петропавлдағы №595 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Балалар шығармашылығы орталығында орналасқан №595 сайлау учаскесіне 1338 адам тіркелген. Таңғы сағат 7:00-де ашылған учаскеге ағылған тұрғындардың басым бөлігі зейнеткерлер. Алғашқылардың бірі болып мұнда өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров келіп, дауыс берді.
Сайлаудың заң талаптарына сай өтуін 4 бақылаушы қадағалауда. Бұдан бөлек, бұл жерде бүгін 5 адам алғаш рет дауыс бермек.
«Біздің сайлау учаскемізге 10 тыл еңбеккері тіркелген. Сонымен қатар 2 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Мамандарымыз бұл тұрғындарға жылжымалы жәшікпен барып, оларға конституциялық құқықтарын пайдалануға бар жағдай жасайды. Мұнымен қоса, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы кабинка әзірледік», — дейді №595 сайлау учаскесінің төрағасы Қанат Сәдуақас.
Сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын қала әкімі Руслан Аңбаев та жасады.
Бұдан бөлек сайлау учаскесінде тұрғындар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Дауыс беруге келген азаматтар арзандатылған бағамен азық-түлік сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]