10-шы наурыздан бастап «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» өзгертіліп, толықтырылған түрі күшіне енеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қатысты кейбір әкімшілік санкциялар күшейтіліп, кейбірі жеңілдетілді, деп жазады Qazaqstan Media.

10-шы наурыздан бастап не өзгереді? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды. Сонымен, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты өзгерістер мынандай:
Ақылы автотұрақ үшін төлемді бірінші рет төлемесеңіз бұрын үш АЕК айыппұл салынса, енді бір айлық есептік көрсеткішке дейін азайтылды. Жағдай қайталанса, осыған дейін бес АЕК айыппұл салынса, енді екі 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

«Арнайы қызметтердің көлігіне жол бермеу үшін айыппұл 7-ден 20 АЕК-ке және қайталап бұзса 15-тен 40 АЕК-ке дейін көбейтілді немесе 20 сағат қоғамдық жұмыс қарастырылған. Темір жолдарда қауіпті жағдай туғызғаны үшін (ат арбаларын өткізу, мал айдау ережелерін бұзу) енді тек 5 АЕК айыппұл салынады, «ескерту» алынып тасталды. Темір жол өткелдерін дұрыс кесіп өтпеу үшін айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке көтерілді»,- деді брифингте СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Айнагүл Сауытбекова.

Көлік қозғалысы кезінде жүргізуші немесе жолаушы кабинадан шықса, 1 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қарсы жолаққа шығу үшін бұрын көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылмайтындарға енді 30 АЕК айыппұл салынады.
Жарақатсыз жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы алынып тасталды. Бірақ егер қайталанса, 40 АЕК айыппұл немесе 9 айға дейін жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.
Қарсы бағыттағы қозғалыс бөлігіне шығып жол апатын жасау және темір жол өткелдерінен өту ережесін бұзу үшін көлік жүргізу құқығынан 9 айға айыру енгізілді.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп және арнайы қызметтерге қатысты да өзгерістер бар. Арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалғаны үшін айыппұлдың көлемі екі есеге өсті. Бірінші рет 60 АЕК, қайталанса 120 АЕК көлемінде айып салынады.
Егер бұл кәмелетке толмаған бала жасаса, ата-анасына 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

«Полиция қызметіне араласу мен құрметсіздік таныту. Енді полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйлеу, қорлау, әдепсіз ым-ишара көрсету, тіпті бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы құрметсіздік таныту жауапкершілікке әкеледі. Ол үшін 30 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу қарастырылған», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *