Петропавлда ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Олардың біреуі жеті жасар бала, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға 5 маусым күні кешкі сағат жетілер шамасында болған. «Добрый путь» дәмханасының маңында ГАЗель мен Mercedes соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың арасында жеті жасар қыз да бар. Жол апатынан тағы екі адам зардап шеккен.
«32 және 39 жастағы екі адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде болса, екіншісі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр», — дер хабарлады обьыстын денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Куәгерлердің сөзінше, жеңіл көлік жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Сол сәтте жүк көлігімен соқтығысқан. ГАЗельде әкесі мен жеті жасар қызы болған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда кәмелетке толмаған бала көлік айдап ұсталды