Үш адам көз жұмған жол апатына жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылды

Петропавлда үш адам қаза болған жол апатына жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылды.  63 жастағы Александр Чернобайға қатысты сот үкімі шықты,деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға  екінші ақпанда Петровка ауылының жанындағы Жезқазған-Петропавл тас жолында болған еді. Жүк көлігі мен Toyota Camry маркалы машина соғылып,  жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Көліктегі 20 жастағы қыз бен 45 жастағы әйел Явленка орталық ауруханасына жеткізілгенімен, бірнеше күннен кейін олар да қайтыс болды. Тек облыстық балалар ауруханасына жатқызылған екі жасөспірім ғана аман қалды.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сотта ол жолда еш кедергі болмағандықтан, басып озбақ болғанын айтты. Ол бірге шыққан жүк көліктерін қуып жетпек болған.  Ал Александр Чернобайдың артында ұлы дәл сондай жүк көлігімен келе жатқан.

«Оның жылдамдығы шамамен 65 км/сағ болды. Алда келе жатқан жолаушылар көлігімен теңесіп, ол Toyota Camry қарсы бағытқа шығып, жоғары жылдамдықпен келе жатқанын  көрді. Ол біртіндеп ақырындап, жолдың қарсы жолағына қарай шыға бастайды. Сол кезде оң жақ доңғалаққа қатты соққы болғанын сезді. Соққыдан HOWO жүк көлігі айналып кетіп, корпусы жол жиегіне шығып қалады.  Ол кабинадан шығып, Toyota Camry-ге қарай бет алды. Қатты соққыдан ол анйдапы барып, қарсы бетке шығып кеткен. Көліктен адамдарды шығаруға көмектесті. Осы кезде ол Toyota Camry-дегі спидометрдің жылдамдығы 140 км/сағ екенін байқады, ал жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған»,- деп жазылған іс матриалында.

Қауіпсіздік белдігін тек алдыңғы орындықта отырған жолаушы ғана тағыпты.  Сондай-ақ, сотталушы Toyota Camry жүргізушісі ұйықтап кеткен деп отыр. Және  егер ол жылдамдық режимін сақтаса, онда апаттың алдын алуға болатын еді деп санайды.

Қылмыстық іс материалдары толық зерттелді, куәгерлерден жауап алынды. Содан кейін сот Александр Чернобайды сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ол ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ, ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Александр Чернобай сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі: биыл егін бітік шығады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x