биотоған

Күн жылынысымен Петропавл тұрғындары қала маңында орналасқан биотоғаннан тараған жағымсыз иіске тұншыға бастайды. Мамандардың айтуынша, ауаға тараған күкіртсутектің мөлшері бірнеше есе артып, жаман иіс облыс орталығын алып кетеді. Онымен күресу үшін 2021-ші жылы «Қызылжар-Су» кәсіпорыны «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-мен келісімге отырып, биотоғанға хлорелла микробалдырларын салып, тазартып келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Экология департаментінің мамандары осы ретте биотоғанға барып таралып жатқан күкіртсутегінің мөлшерін арнайы құрылғымен өлшеуде. Жағымсыз иістен арылу үшін су қоймасы тазартылуы тиіс. Бұл жоба 5 жылға шақталған. Сондықтан алғашқы нәтижесін енді ғана бере бастамақ. Былтыр биотоғанға тығыздығы 25 млн жасуша болатын 9 мың литр хлорелла балдыры құйылды. Кейін тағы 4 млн литр суспензиясы жіберілді.

«Химиялық заттың бөлінуі 12 -13 микрограмды құраған. Бұл белгіленген межеден сәл асады. Салдарынан облыс орталығында ауа ауырлап, жағымсыз иіс тараған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейді. Шекті көрсеткіш 400 микрограммға жеткен кезде ғана дабыл қағу қажет», — дейді СҚО экология департаментінің бөлім басшысы Дамир Жұмабаев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Шекарасыз ас үй» этно-фьюжн шеберлік сағаты өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x