Қызылжар мен Тайынша ауданының тұрғындары алаяқтарға көп алданған

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 613 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Басым бөлігі Петропавл қаласында тіркелген. Аудандар арасында қызылжарлықтар мен тайыншалықтар көш бастап тұр, деп хабарлайды Qazaqstsn Media.

Биыл Қызылжар ауданында 25, Тайынша ауданында 24 факті тіркеліпті. Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Рустам Садуловтың айтуынша, 10 айдың ішінде алаяқтар аудан тұрғындарын 38 миллион теңгеге сан соқтырып кеткен.

«2023-2025 жылдарға арналған киберқылмыстарға қарсы күрес жөніндегі бағдарлама шеңберінде күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Тәртіп сақшылары еңбек ұжымдарымен де кездеседі. Алаяқтықтың қауіпі жайлы ескертетін 21 билборд қойылды, аудандық полиция бөлімінің аккаунттарында, баспасөзде жаднамалар мен парақшалар жарияланып жатыр. Тұрғындар арасында 17 жиналыс өткізілді. Адамдардан жеке бастарына қатысты мәліметтерді, пароль мен банктік карталарының құпия пин-кодтарын ешкімге айтпауларын сұраймыз, жалған банк қызметкерлерінің қоңырауларына сенбеуге шақырамыз», – дейді Садулов.

Полицейлер айтып өткендей, алаяқтар WhatsApp арқылы хабарласуды әдетке айналдырған. Аталмыш жүйе арқылы шалынған қоңырауды жазып алу және адамның қай жерден хабарласып тұрғанын білу мүмкін емес.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 144 дәрігер жетіспейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x