«Қызылжар» футбол клубы 2028 жылы толықтай жеке кәсіпкердің қолына өтеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының идеясымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге баса назар аударды. Мұндай қадамсыз Қазақстанда аталған танымал спорт түрі ешқашан дамымайды. Бұл — әлемдік тәжірибеде бар бастама. Өзгерістің теріскейге де қатысы бар.

«Қызылжар» ФК 2028 жылы жеке кәсіпкердің қолына өтеді
«Қызылжар» ФК 2028 жылы жеке кәсіпкердің қолына өтеді

«Қызылжар» футбол клубы 2028 жылы жеке кәсіпкердің қолына өтеді. Бұл бастама өңір футболына сенім беретіні сөзсіз. Бюджет қаражаты да үнемделіп, басқа спорттарға да назар аударылады»,- деді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова.

Жыл сайын «Қызылжар» футбол клубына облыстық бюджеттен екі млрд теңге бөлінеді. Жасыратыны жоқ, теріскейлік клуб өзінің мардымды өнерімен көзге түсіп жатқан жоқ. Турнирлік кестеде соңғы қатарда.

Бұл қомақты қаражатты шетелдік легионерлерге бергенше, балалар спортына бағыттаса зор жетістіктерге жететіні сөзсіз. Осы ретте барлығын футбол клубына кім иелік етеді деген сұрақ туындайды. 2028 жылы қырандар белгілі кәсіпкер Сергей Канның қолына өтпек. Азамат Қазақстандағы ең бай 30 адамның қатарына кіреді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда биыл отбасылық зорлық-зомбылықтың салдарынан бір адам қаза тапқан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *