Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау дерегін әшкереледі. Оқиға 19 тамыздан 20 тамызға қараған түні Кызылжар ауданының Пеньково ауылы маңындағы Белое көлінде орын алды, деп жазады Qazaqstan Media.
Тәртіп сақшылары екі петропавлдық тұрғынды электр тоқ қолдану арқылы балық аулаған кезде ұстады. Аталған әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлімі 2-тармағына сәйкес «Электр тоқ қолдана отырып, балық ресурстарын, басқа су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу» ретінде сараланады.
Заң бойынша мұндай құқықбұзушылық үшін:
• 3000 АЕК-ке дейін айыппұл,
• сол мөлшерде түзеу жұмыстары,
• 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар,
• 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу,
• немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары қарастырылған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды