Қызылжар ауданындаалты инвестициялық жоба іске қосылды. 2026 жылға дейін жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы жобалардың жүзеге асуын бақылау үшін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданына барды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қызылжар ауданында инвестиция тартуға баса назар аударылған. Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл ауданда 6 инвестициялық жоба іске қосылды. 2026 жылға дейін жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Облыстағы кран-балка өндіретін жалғыз зауыт — Қызылжар ауданында орналасқан. «RM Stone» серіктестігі екі жылдан бері жүк көтергіш құрылғыларды, металл конструкцияларды және құйма бұйымдарын шығарады. Кәсіпорын келесі жылы Бескөл ауылындағы саябаққа қайта жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
Бескөл ауылында биылғы жылдың соңына дейін 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Игі бастама «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, тұрғын үйдің 70%-ы әлеуметтік осал топтарға арналған.
Ауданда инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Облыс әкімі Соколов топтық су құбырының су тарату желілерінің құрылысы барысымен танысты. Маңызды іс биыл өз мәресіне жетеді. Нысан іске қосылған соң ауданның бес елді мекені сапалы ауызсумен қамтылады.
Ауданда цифрландыру үдерісі мектеп қабырғасынан бастау алып жатыр. №2 Бескөл орта мектебінде әрбір оқу пәнінде жасанды интеллект элементтері қолданылады. Бұл балалардың заманауи білім мен дағдылар алуына жол ашып отыр.
360 жылдан астам тарихы бар Вагулино ауылында «СК Вагулинское» ЖШС ауылды дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға белсенді қатысуда. Келесі жылы фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Ауылда 27 бейнебақылау камерасы орнатылып, орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылған.
Жұмыс сапары аясында өңір басшысы облыстың құрметті азаматы Мария Алексеевна Батаевамен, еңбек әулеттерімен, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен және аудан тұрғындарымен кездесті.
«Халықтың әл-ауқатын көтеру — біздің басты міндетіміз. Сондықтан әр маңызды жұмыс сапалы істелуі тиіс. Егер олқылықтар анықталса, жауапты ұйым бірден жауаркершілікке тартылады», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік тілде сот жүргізген үздік судьялар анықталды

