Солтүстік Қазақстанда лауазымды тұлғалардың пара алу фактілері азаймай тұр. Биыл көктемде Қызылжар аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жемқорлық фактісін облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 201-бабы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы ретте сандарды сөйлетсек, 2024 жылы СҚО-да 30 жемқорлық оқиғасы тіркелген. Ал ағымдағы жылдың бес айы ішінде 15 бармақ басты, көз қыстылық фактісі орын алыпты.