Солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар жарқын жеңіске қол жеткізді. «Қуаныш» ВК ел біріншілігінің кезекті туры аясында «Ақтөбе» командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Қуаныш» ВК өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Ойын тек жергілікті волейболшы қыздардың үстемдігімен есте қалды. Жойқын соққылар мен қарсы тосқауылдар матчтың көркін қыздырды.
Бірінші кезеңде теріскейлік қарсыласынан оқ бойы озық болды. Ұпай алуына мүлде мүмкіндік бермеді десек қателеспейміз. Есеп — 25 те 8.
Екінші және үшінші кезеңде де дәл осындай ойын өрбіді. Теріскейлік волейболшы қыздар үш те нөл есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, «Қуаныш» ВК турнирлік кестеде екінші орында тұр. Спортшыларымыз 14 ойында 11 рет жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз: Петропавлда үгіттік плакатты әдейі бүлдірген тұрғынға айыппұл салынды

