Қозыбаев университетіне жұмыс сапарымен экономика және өңірлік даму саласындағы белгілі ғалым Томаш Понси Дентиньо келді. Ол бір ай көлемінде студенттерге бар білгенін үйрететін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сапар барысында профессор Томаш Понси Дентиньо «Экономика, есеп және қаржы» кафедрасының білім алушыларына арналған дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. «Белгілі ғалымның студенттерге сабақ беруі, оң өзгерістерге алып келеді.
«Бізде экономика кафедрасы өте белсенді. Биыл біз стратегиялық серіктесіміз – Аризона университетімен бірлесіп «Бизнес және менеджмент» қос дипломды бағдарламасын іске қосамыз. Бізді мықты оқытушылар құрамы қызықтырады. Сондықтан сіздерді және әріптестеріңізді-экономика және бизнес саласында біздің командаға қосылуға шақырамыз», – деді Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.
Профессор Дентиньо Қазақстанға осымен үшінші рет келгенін атап өтті. Бірақ Петропавл қаласына алғашқы сапары екен. Ол екі университеттің ынтымақтастығына ризашылығын білдірді. Тіпті, кейбір студенттермен танысып та үлгеріпті.
Сонымен қатар, профессор нөлдік емес импакт-факторы бар қазақстандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды дайындауға және жариялауға көмек көрсетеді. Университеттің ПО құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар да жоспарланған. Шетелдік ғалымның сапары халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болмақ
Тағы оқыңыз: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық сайыста жеңімпаз атанды


