Қозыбаев университеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісінде жоғары нәтижелер көрсетті. Мамандарды даярлаудың бәсекеге қабілеттілігі мен тәжірибелік тиімділігін растады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Рейтинг қорытындысы бойынша «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы екінші жыл қатарынан 1 орынға ие болды.

Сонымен қатар университеттің төрт бағдарламасы 2 орынды иеленді. Олар:
▪️ «Биология» (IP)
▪️ «Орыс тілі мен әдебиеті»
▪️ «Арнайы педагогика»
▪️ «Агрономия»
Ал «Шет тілі: екі шет тілі» бағдарламасы 3 орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, тағы 24 білім беру бағдарламасы 4-тен 10-орынға дейінгі көрсеткіштерді көрсетті.
Рейтингтің негізгі көрсеткіштерінің бірі – түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі. Қозыбаев университетінің 12 бағдарламасы 100 пайыз жұмыспен қамту нәтижесіне қол жеткізді.
Бұл көрсеткіштер білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын, еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін және университеттің жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатқанын айғақтайды. «Атамекен» ҰКП рейтингі жұмыс берушілердің пікірін, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін және оқу бағдарламаларының өзектілігін ескереді.
Тағы оқыңыз: Парламент «Құрылтай» деп аталатын болады

