Қозыбаев университетінің бес ғалымы «Болашақ« халықаралық стипендиясына ие болды. Мұндай жетістікке мамандар ғылыми тағылымдық бағдарлама арқасында жеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шәкіртақы алғандар:
Бану Доскенова – «География және экология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты;
Ерназ Ермеков – ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жөніндегі ректордың көмекшісі;
Асқар Тәджігітов – «Математика және физика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты;
Гүлбаршын Ибраева – «Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты;
Алдияр Бәкіров «Агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етеді.
Жалпы, шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 182 азаматқа әлемдік жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендиялар берілді.
Тағы оқыңыз: 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасы бекітілді

