Қозыбаев университетінің делегациясы Лондонда өткен «Bett Show» халықаралық білім беру технологиялары көрмесіне қатысты. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен цифрлық оқыту шешімдерін әзірлеушілерді және IT мамандар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс-шара білім беру мекемелері мен басқару органдарының өкілдерін, оқытушыларды, әлемнің түкпір-түкпірінен келген цифрлық оқыту шешімдерін әзірлеушілерді және IT мамандарын біріктіреді. «Bett UK» атты халықаралық конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Ол университеттің оқу бағдарламаларына жасанды интеллектті енгізу реформалары туралы айтты.

Халықаралық көрмеде біздің университетіміз «Smart City» тұжырымдамасын дамыту және университеттің цифрлық трансформациясы жобаларының шеңберінде бірқатар цифрлық шешімдерді ұсынды. Барлығын қос дипломды бағдарлама бойынша оқитын студенттер әзірлеген. Бұған білім беру және қалалық жүйелерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қолданбалы IT өнімдері кіреді.

Негізгі жобалардың бірі — «KU Timetable». Ол академиялық қызметтердің жұмысын оңтайландырады, уақыт шығынын азайтып, оқу процесін жоспарлайды. Сондай-ақ, шарада университеттің функционалдық бөлімшелері арасында жол карталарын жасауға, тапсырмалардың орындалуын бақылауға арналған корпоративтік жобаларды басқару платформасы таныстырылды. Ол — «KU Track» деп аталады. Бұл шешім ішкі процестердің ашықтығы мен басқарылуын қадағалауға көмектеседі.

Қабылдау науқанын цифрландыру аясында университет «Scroll» жобасын ұсынды. Бұл ku.edu.kz ресми веб-сайтына біріктірілген қабылдау комиссиясына арналған интеллектуалды чатбот. Мұнда тәулік бойы қызмет көрсетіледі, талапкерлердің кеңестерін автоматтандырады және қабылдау науқаны кезеңінде қызметкерлердің жұмыс жүктемесін айтарлықтай азайтады.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастар ешқашан қолдаусыз қалмайды»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *