Қазанның біріне дейін мүлік салығын төлеу керек

Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мүлік салығын төлеу мерзімі 1-ші қазанда аяқталатынын ескертеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

82 мыңнан астам петропавлдық мүлік салығын төлеуі тиіс. Уәкілетті органдардың сөзінше, төлемдер бойынша барлық мәлімет тұлғаларға жіберілген. Яғни, тұрғындар қанша салық төлейтіндіктерінен хабардар. Сонымен қатар, мүлік салығы туралы ақпаратты  e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан да біле алады. 

«Тұрғындар хабарлама келген күннен кейін 30 күн ішінде мүлік салығын өтеулері тиіс. Егер берешек 1 АЕК-тен асатын болса, салық органы тиісті бұйрық шығарып, оны іске асыру үшін сот орындаушысына жібереді. Қазіргі уақытта есептелген салықтар туралы барлық хабарламалар адресаттарға жіберілді. Сондай-ақ Kaspi және Halyk Bank қосымшалары арқылы да төлемдер туралы хабарламалар жолданды», — дейді Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Әлібек Қаниев.

Айта кетейік, мүлік салығын уақытылы төлемеген азаматтардың  қарызының үстіне  өсімпұл қосылуы немесе шоттары бұғатталуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл тұрғындары тіркелмеген қару сақтаған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x