Осыған дейін қазақстандықтар стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарында артылған ақшаны алып келген болатын. Енді 15-ші қыркүйектен бастап, бұл үрдіс тоқтайды, деп  жазады Qazaqstan Media.

 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы Отбасы банкі өзінің ресми парақшасында хабарлады.

«Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді.  Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады»,- деп жазылған банк хабарландыруында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өндіріс саласына тәжірибелі мамандар жетіспейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *