Елімізде жыл басынан 223 бала терезеден құлаған. Ал, СҚО-да балалардың терезден құлауының төрт оқиғасы тіркелді. Қуанышымызға орай, балалар тірі қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстанда балалардың терезеден құлау фактілері жиілеп барады. Жыл басынан 38 бала терезеден құлап, ажал құшты. Біздің өңірде де терезеден құлау фактілері болды. Абырой болғанда, бәрі дін аман.

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінңң мамандары брифинг өткізді. Шараға тәртіп сақшылары, қалалық әкімдік өкілдері мен тілшілер қатысты.

Қазақстанда жыл басынан 38 бала терезеден құлап, көз жұмды
Қазақстанда жыл басынан 38 бала терезеден құлап, көз жұмды

«Жайсыз жайттар ата-аналардың жауапсыздығынан орын алады. Жеткіншектерді мүлдем жалғыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, жиһаздарды бала терезеге шыға алмайтын етіп алшақ қою қажет. Қарапайым талаптарды орындау арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады», — СҚО ТЖД бөлім бастығы Әсет Шайкин.

Төтеншеліктер мен тәртіп сақшыларының сөзінше, терезеге москиттік тор орнатпаған абзал. Балалар оны қауіпсіз деп ойлап төмен қарай құлдилап кетуі мүмкін. Тағы бір назар аударатын дүние, кішкентайлап терезені өз еркімен ашпас үшін арнайы бекіткіш орнатқан жөн.

Айта кету керек, баласын қараусыз қалдырған ата-ана әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады

Тағы оқыңыз: СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны артуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *