Елімізде жаңадан жасанды интелект және инновацияны дамыту комитеті құрылды. Жаңа ұйым цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан ашылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы үкімет тиісті қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес, жаңа ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге жауап береді. Сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға да жауапты.
Бұдан бөлек, үкімет қаулысымен аталған министрлікке қарасты геодезия және картография комитеті таратылды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер маусым айында жаңа баспанаға кіреді