Қазақстанда темекі түрлерінің барлығының бағасы қымбаттайды. Қаржы министрлігі бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Құжатта көрсетілгендей, баға өзгерісі келесі өнім түрлеріне қатысты болады: сүзгісі бар және сүзгісіз темекілер, папиростар, сигариллалар, қыздырылатын темекі өнімдері. Басты мақсат — темекі тұтыну деңгейін төмендету және табак өнімдеріне қатысты тиімді салықтық-бағалық саясат жүргізу. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, ал қоғамдық талқылау 19 маусымға дейін жалғасады.
«Ұсынылып отырған өзгеріс темекі өнімдеріне қатысты салықтық және баға саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Ұсынылған түзетулерді іске асыру іске асыру Қазақстан Республикасында тұрақты негізде темекі мен темекі шегудің таралуы мен қолданылуын қысқартуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді», — деп жазылған құжатта.
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 19 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Тағы оқыңыз: Елімізде алғаш рет егіс науқаны мерзімінде аяқталды