Елімізде 32 ауруды емдеуге арналған дәрілер тегін берілмейтін болады. Бұл тізімді Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық талқылауға шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрлік бұйрығының жобасына сәйкес, елімізде 32 ауруды емдеуге арналған 38 препарат тізімнен алынады.

Дәрілер тізімінде мына ауруларды емдеуге арналған препараттар бар:
* асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
* ауруханадан тыс пневмония;
* гастроэзофагальды рефлюкс ауруы;
* бас сүйек нервтерінің зақымдануы;
* жедел, созылмалы синусит;
* жедел, созылмалы кератит;
* көп формалы эритема;
* сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
* эндометриоз;
* несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары;
* гастрит және дуоденит;
* созылмалы панкреотит;
* холецистит;
* өт тас ауруы;
* мигрень. 
Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтінін жеткізді. Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 100-ден астам үй сатып алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x