Қазақстанда қалыңмалы төленген қыз, жігітінен мәһр сұрай алмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айтты, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазақстанда тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалыңмал мен мәһір біріктірілді. Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, «әке еңбегі», «ана сүті» сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды.
«Шешім: күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», — деп жазылған ақпаратта.
Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал.
Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады.
Қалыңмал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуі тиіс. Мәһірбелгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады. Бірақ күйеуі мәһір-мисл береді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да демалыс күндері 10 мас жүргізуші ұсталды