Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізде балаларға қарсы үш мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Energyprom.kz. сайты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 % — ға көп, деп жазады Qazaqstan Media.
Сонымен статистикаға келсек, адамға қарсы қылмыстардың саны бір жылда 61,1% — ға өскен. Жыныстық қатынас тұрғысындағы қылмыстар: зорлау —20,9 %-ға, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері — 3,9 %-ға, 16 жасқа толмаған кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас — 11,3 %-ға артыпты.
Сексуалдық зорлық-зомбылықтан барлығы 820 бала зардап шегіпті. Бұл өткен жылдың он айындағы көрсеткіштен екі есеге немесе 84 фактіге көп.
Сонымен қатар, елімізде балаларға қатысты иммун тапшылығы вирусын жұқтыру, азаптау, жезөкшелікке тарту, адам саудасы жағдайлары тіркелген. Есеп бойынша, осы жылдың он айында жезөкшелікке тартудың 14 фактісі анықталған. Ал өткен жылы — бес факт болған.
Он ай ішінде суицидке итермелеу жағдайлары да екі есеге дейін артқан. Бірақ, өз-өзіне қол жұмасап, көз жұму фактілері 14,8% — ға азайыпты.
Түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен кәмелетке толмағандардың жалпы саны осы жылдың қаңтар-қазан айларында 3,6 мыңнан асты. Өткен жылмен салыстырғанда бірден 52% — ға өскен. Зардап шеккендердің жартысына жуығы мектеп оқушылары. Оның ішінде үштен бірі 11 жасқа дейінгі балалар.
Тағы оқыңыз: СҚО-да австриялық компания тақтай шығаратын зауыт ашпақшы