Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарылуы мүмкін бе?

Сәуірдің 19-ы күні қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бастаған еді. Билік оны қарауы үшін кем дегенде 50 мың дауыс қажет, деп жазады Qazaqstan Media.

Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері петицияны қарау мүмкін екенін айтып отыр. Бірақ ол желтоқсан айында, талаптарға сәйкес келсе талқыланады.

«Біз петицияға енгізілген ескертулерді бақылаймыз. Бірақ ереже бойынша біз алдымен нәтижелерді күтуіміз керек, содан кейін жұмысқа кірісеміз. Қазір бұл туралы айтуға әлі ерте», — деді сауда вице-министрі Қайрат Төребаев.

Қазір министрліктің ұстанымын айту мүмкін емес, деп қосты ол.

«Біз бұл мәселені барлық мемлекеттік органдармен бірлесе қарайтын боламыз. Желтоқсан айында шешілетін мәселені гипотетикалық түрде талқылайтын боламыз. 50 мың дауыстың сыни массасына қол жеткізген жағдайда, жұмыс үкімет ішінде қайтадан қаралады», — деді Төребаев.

Тағы оқыңыз:«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x