Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Республикалық референдум туралы Заңға сәйкес, дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысуға тиіс. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл 12 244 683 адам. Тиісінше, жартысы 6 122 342 адам.

«Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер оның оң шешімі үшін дауыс беру нәтижесінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі», — деп хабарлады ОСК .

Референдумға қанша қазақстандықтың АЭС салуды жақтап немесе қарсы дауыс беретіні дауыс беру күні – 6 қазандағы жалпы халықтың қатысу нәтижесіне қарай белгілі болады.
Еске салайық, атом электр станциялары бойынша референдумға арналған бюллетеньде қазақстандықтардан бір сұраққа жауап беру сұралады: «Сіз Қазақстанда АЭС салынуына келісесіз бе?»
Жауаптың екі нұсқасы болады: «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін».

Тағы оқыңыз: Петропавлда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x