Қазақстанда АЭС бойынша референдум туралы сегіз заңсыз сауалнама жүргізілді

Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдум бойынша заңсыз сауалнама жүргізгендер анықталды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өміралиевтің айтуынша, референдумға дайындықтың алғашқы күндерінен бастап құқық қорғау органдары атом электр станциясына қатысты заңсыз сауалнамалар жүргізудің сегіз фактісін анықтады.

«Алты жағдайда оларды жеке тұлғалар, ал екеуін Орталық референдум комиссиясына алдын ала хабарламаған заңды тұлғалар өткізді. Осы деректерге сәйкес прокуратура органдары төрт азамат пен екі заңды тұлғаны жауапқа тартты. ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігіне сәйкес оларға айыппұл салынды. Қалғандары бойынша оларды белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Жандос Өміралиев.

Қалғандары бойынша оларды көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде  жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. 

Прокурорлар заңға сәйкес, референдумға қатысты пікірлерін азаматтар мен бірлестіктер жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында білдіруге құқылы екенін айтады. 

«Жиналыстар мен митингілер «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде ұйымдастырылып, өткізілуі тиіс.

Бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады»,-деп ескертеді мамандар.

Алдағы референдумға үгіт кезеңі 3 қыркүйекте басталды және  2024 жылғы 4 қазанға дейін  жалғасады. Референдумның қарсаңындағы және референдум күндері, яғни 2024 жылғы 5 және 6 қазанында үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында ұлттық құрама еншісінде 69 медаль бар

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x