Қазақстанда 2024 жылы әскерге шақырырушылар саны артады

2024 жылы 18 жасқа дейінгі 39 180 ер адамды әскер қатарына шақыру жоспарланған болса, енді бұл санды 40 148-ге дейін арттыру көзделген. Бұл туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны артып келеді. Айталық, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, 37 мың ер адам әскер қатарына шақырылды. Олардың 16 мыңнан астамы Қарулы күштерге жіберілді. Қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырды.

«Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 39 180 қазақстандық әскер қатарына шақырылып жатыр.
Құжат 19 тамызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеңіл көлік жүк тиегішке соғылып, бір адам қаза тапты

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x