Елімізде қашықтан, яғни онлайн түрде несие рәсімдеуге тыйым салынатын болады. Бұл мәселені депутат Ержан Бейсенбаев көтерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ержан Бейсенбав банкте кредит алушылардың табыс деңгейі мен несие тарихы ескеріле бермейтінін айтты. Осыдан қарызды уақытылы төлемеу сынды проблемалар орын алып жатады.
«Мемлекет басшысы былтыр желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында хaлықтың көп кредит алуын төмендету үшін кепілсіз онлайн микрокредит беруге тыйым сaлғaн eлдердің тәжірибесін зерделеуді тапсырды. Қалып отырған келісім ел азаматтарына Қазақстанда отырып, басқа мемлекеттің аумағындағы қаржы ұйымынан кредит алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа Еуразиялық эконoмикалық одақтың онлайн қарыздар беретін қаржы ұйымдaры Қaзақстан нaрығына кіреді. Біз осы сияқты қарыздарды алу оңай екенін білеміз, — деді Ержан Бейсенбав.
Қазір адамдардың көбісі бір несиесін жабу үшін екіншісін алатыныны ешкімге жасырын емес. Бұл ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды ушықтырмас үшін проблемалық кредиты бар клиентке басқасын алуға тыйым салу бойынша өзгерістер дайындалғанын атап өтті.
«Егер проблемалық кредитіңіз болса, онда жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады. Сeбебі кредит алушылардың өсуі неге байланысты? Мысалы, олардың банкте бір проблемалық кредиті бар. Сөйтіп оны жабу үшін микроқаржы ұйымына барып, жаңа кредит алады. Сол себептен проблемалық кредит туындаса, жаңа кредит беруге тыйым салуға ұсыныс енгіздік. Сoнымен оның борыш жүктемесі өспейді», — деді Қapжы наpығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.