Қазақстанда ауыл мектептерінде білім беру сапасын арттыру мақсатында онлайн оқыту форматына басымдық берілуде. Бұл бастама «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Оның аясында тірек мектептердің үздік педагогтері басқа ауыл мектептерінің оқушыларын онлайн оқытады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда оқушы саны аз, пән мұғалімдері жеткіліксіз шағын жинақты мектептерде жаратылыстану-математикалық бағыттағы және ағылшын тілі пәндерінен онлайн оқыту кеңінен енгізілуде.

«Ауыл мектептерінде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беруге мәжбүр. Ал онлайн сабақтар арқылы әр пәнді өз ісінің кәсіби маманы оқытады. Бұл оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, мұғалімдердің де кәсіби өсуіне ықпал етеді», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева.

Жоба аясында тірек мектептердің үздік педагогтері басқа ауыл мектептерінің оқушыларын онлайн оқытуды бастады. Бұл жүйе білім берудегі өңірлік теңсіздікті азайтып, барлық оқушыға бірдей сапалы білім алуға мүмкіндік жасап отыр.

Сонымен қатар, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауып, мектептер заманауи цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мұғалімдерге арналған цифрлық сауаттылық курстары мен онлайн білім беру әдістемесі бойынша тренингтер тұрақты түрде жүргізілуде.

2025–2026 жылдары тағы 1600 ауыл мектебіне онлайн оқыту жүйесі енгізіледі деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы қаңғыбастардың мәселесі  қалалық мәслихатта қаралды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *