Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша рейтингте 11 сатыға көтеріліп, 72-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Finprom агенттігінің мәліметінше, елдегі интернеттің жылдамдығы 47,9%-ға артқан. Бұл – бір жылдағы өзгеріс. Өткен жылдың сәуір айында көрсеткіш 20,7 мегабит болса, биыл 30,62 мегабитке жетіп отыр. Осылайша, басқа мемлекеттердің арасында интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан – 72 орында. ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.
Тағы оқыңыз: Етікшілікті 40 жылдан астам уақыт кәсіп еткен келіншек