Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту бағытында маңызды қадам жасалды. 2025–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media  Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың ұлттық стандарттарын белгілейді.  Онда этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері қамтылған.

ЖИ қолдану тек мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Жоспар бойынша оқу бағдарламаларына ЖИ тақырыптары енгізіледі.  Заманауи цифрлық оқулықтар дайындалады және оқушылардың жобалық дағдыларын дамытуға жағдай жасалады. Педагогтердің біліктілігі Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісімен жетілдіріледі.

«Жасанды интеллект педагогтің орнын баспайды, керісінше оның рөлін арттырады. Себебі білім беру процесіндегі түпкілікті шешімді адам қабылдайды», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне ЖИ элементтері енгізілді. Сондай-ақ оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені дайындалып, мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт айдың ішінде 500 жас әскерге аттануы тиіс

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *