Синоптиктер қараша айындағы ауа райына алдын-ала болжам жасады. Айтуларынша күздің соңғы айы солтүстік жылдағыдан жылы болады. Бірақ, ай бойы жиі жауын-шашын түсіп, сырғыма да жүреді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, қарашада күн  нормадан 1°С жылы болады. Орташа температура -4,8…-6°С  құрайды.

Айдың алғашқы он күнінде түнде –10…–14 °С, күндіз –7 °С дейін салқын болуы ықтимал. Бірақ, онкүндіктің соңында ауа райы жылынып, термометр көрсеткіші  –1…+3 °С  көтеріледі.  

Айдың ортасында күн бірде жылынып, бірде суық болады. Түнде –14 °С болса, күндіз кейде тіпті  +5 °С жылы болады деп күтілуде.

Айдың соңғы күндері ауа температурасы төмендей бастайды. Түнгі кездері–15…–20 °С суық болады. Күндіз –12 °С.

«Ай бойы жиі жауын-шашын түсетін болады. Қар аралас жаңбыр көп болады деген болжам жасалды. Көктайғақ күтілуде. Екпіні секундына 20 метрді құрайтын жел тұрып, сырғыма да жүреді», — деп хабарлады синоптиктер.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Мамандықтар калейдоскопы» атты байқау ұйымдастырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *