«Құлагер» ХК кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы теріскейлік ұжым «Ақтөбе» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қыркүйектің 22-сі күні петропавлдық «Құлагер» ХК ақтөбелік «Ақтөбе» командасына қонаққа барды. Теріскейлік ұжым бір күн бұрын бұл құраманы екі де үш есебімен жеңген болатын. Екеуіне де жеңіс ауадай қажет.
Ойынды екі команда салқынқанды бастады. Бір-бірін қателіктерін барлады. Бірінші период та есеп ашылмады.
Екінші периодта петропавлдық құрама қарсылас қақпасына шабуылды қарша боратты. Нәтижесінде бірінен соң бірі екі шайба соқты. Соңғы кезең ақтөбеліктер есепті теңестіруге тырысқанымен құлагерліктер мүлдем мүмкіндік бермеді. Керісінше, матч соңында есепті еселеп нөл де үш есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңісінің арқасында теріскейлік команда турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. «Құлагер» ХК келесі ойынын қыркүйектің 25-і күні сырт алаңда қостанайлық «Горнякпен» өткізеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да сиыр еті 3100-4200 теңгеге бағалануда