Ғ. Мүсірепов ауданында республикалық және ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр

Ғ. Мүсірепов ауданында жолдардың жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Биыл ауданда ауылішілік жолдар да, республикалық маңызы бар жолдар да ретке келтірілуде, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 1970 км жол республикалық маңызға ие. Оның 359 шақырымын «Жезқазған-Петропавл» тас жолы құрайды. Былтыр оның 52 шақырымы жөнделіп, қолданысқа берілген болатын. Биыл аталмыш жолдың үш учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 83 км жол дұрысталады.

«Ғ. Мүсірепов ауданында Ломоносовка ауылынан Ставрополка ауылына дейін, Тоқсан би-Нежинка-Новошимиское ауылдары арасындағы жол жөнделеді. Барлығы 43 шақырым. Қазіргі кезде 31 км жолдың төменгі жабындысы дұрысталды», — деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚОФ.

Сонымен қатар Ғ. Мүсірепов ауданында тағы бірқатар жол учаскілері жөндеу көрмек:

— Ақмола облысының шекарасынан Дружба ауылына дейін ұзындығы 28 шақырым жол жөнделеді. Мердігер ұйым — «Сарыкөл Дорстрой» ЖШС;

— Дружба ауылынан Ломоносовка ауылына дейін Ставрополк ауылынан Токсан би ауылына дейін, жалпы ұзындығы 39 шақырым жол жөнделеді. Мердігер ұйым — «Сарыкөл Дорстрой» ЖШС;

— Новоишим ауылынан Ұзынжар ауылына дейін ұзындығы 40 км жол жөнделеді. Мердігерк ұйым — «Дорстрой» ЖШС.     

Бұл жобалар аясында 24 су өткізу құбыры ауыстырылады. Су тасқынынан кейін эрозияға ұшыраған немесе жойылған қолданыстағы 72 құбырды жөндеу жүзеге асырылады. Сондай – ақ 1925 жол белгісі ауыстырылады, 7 336 сигналдық бағана орнатылады. Оған қоса, демалыс алаңдары, аялдама павильондары қойылады. 

Ғ. Мүсірепов ауданындағы Возвышенка селолық округінде екі ауылдың жолдары жөнделіп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары Возвышенка және Чернозубовка  ауылдарында жүргізілуде.

«Возвышенка ауылында 20 лет Целины, Мир, Ш. Уәлиханов, Приречная және Абай Құнанбаев көшелері жөнделеді. Жобаның жалпы құны — 152 млн 461 мың теңге. Ол облыстық бюджет қаражаты. Келісім екі жылға арналған, жұмыстар 2023 жылы басталған болатын. 2024 жылы аяқталады. Мердігер компания — «АртоСам» ЖШС», — деп нақтылады Возвышенка селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Елена Сандерс.

Чернозубовка ауылындағы жолдарды жөндеуге 332,2 млн теңге бөлінді. Мұнда жұмыс 2025 жылы аяқталуы керек.

Тағы оқыңыз: Тимирязево ауылында гүлдер фестивалі өтті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x