Ғ. Мүсірепов ауданынан келген мехбригада 166 үйді қалпына келтірмек

Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында тасқыннан кейін үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ғ. Мүсірепов ауданы бұл жерде 166 үйге жауапты. Қазіргі уақытта бұл баспаналардың барлығына техникалық бағалау жүргізіліп, оның 65-і апатты деп танылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданнан 35 адамнан тұратын бес мехбригада келген. Қазір олар бес үйді судан кептіріп жатыр.

Ғ. Мүсірепов ауданынан келген мехбригада 166 үйді қалпына келтірмек

«Біздің аудан Урицкий көшесінен Дубинина көшесіне дейінгі үйлерге жауапты. Барлық баспанаға техникалық бағалау жүргізілді. Қазір тек оның нәтижесін күтіп отырмыз. Ал бағалаудың қорытындысы шыққан үйлерге тиісті қаржы бөлініп, қазір құрылыс материалдарын алып бастадық», — деді Ғ. Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов.

Ойқала ықшам ауданында үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына Петропавлдың 30 бригадасы мен  Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарының мамандары  жауапты. Тасқыннан зардап шеккен үйлердің бірі Калюжная 27 мекенжайы бойынша орналасқан Анатолий Плешаковтың үйі. Оны бағалаушылар тұруға жарамды деп таныпты.

Ғ. Мүсірепов ауданынан келген мехбригада 166 үйді қалпына келтірмек Ғ. Мүсірепов ауданынан келген мехбригада 166 үйді қалпына келтірмек

«Мамандар біздің үй тұруға жарамды деп шешті. Енді күрделі жөндеу жасалады. Күні кеше ғана кептіру жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары тым ұзаққа созылып кетпесе болды. Дегенмен, барлығы жақсы болады деп үміттенемін», — деді Ойқала ықшам ауданының тұрғыны Анатолий Плешаков.

Айта кетейік, Ойқала ықшам ауданында жалпы 1383 үй су астында қалған болатын

Тағы оқыңыз: СҚО-да бес мектептің оқушылары мемлекеттік емтиханнан босатылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x