Еліміздің шалғай өңірлеріндегі тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді мақсат еткен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысында өз жұмысын бастады. Аталған әлеуметтік жобаның аясында пойыз облыстың бірнеше аудан орталықтары мен ауылдарын аралап, мыңдаған адамға тегін медициналық, психологиялық және заңгерлік көмек ұсынуда, деп жазады Qazaqstan Media.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, жыл басынан бері пойыз 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, Маңғыстау облысынан Қостанайға дейін ондаған елді мекенде аялдаған. Енді ол Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының 15 ауылын қамтиды.

Аялдамалар кестесі:

7 тамыз – Ақсуат

8–10 тамыз – Сулы

10–11 тамыз – Қайранкөл

13 тамыз – Шағалалы

14 тамыз – Тайынша

15 тамыз – Октябрь

16 тамыз – Чкалов

17 тамыз – Ащыкөл

18 тамыз – Дәуіт

19 тамыз – Талшық

20 тамыз – Қызыл-Ту

22–23 тамыз – Макинка

«Медициналық пойыз заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен толық жабдықталған. Пойыз ішінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), рентген, флюорография, электрокардиография, зертханалық тексерулер жүргізіледі. Қабылдау жүргізетін дәрігерлер қатарында терапевт, хирург, педиатр, кардиолог, гинеколог, стоматолог, офтальмолог, ЛОР және басқа да мамандар бар. Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар да осы пойызда жасалады»,-деп нақтылады ҚР ДСМ.

Медициналық көмектен бөлек, пойызда психологтар, заңгерлер және медиаторлар да жұмыс істейді. Олар тұрғындарға зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, мұрагерлік, еңбек және отбасы құқықтары бойынша кеңес береді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмысын аяқтаған соң, «Саламатты Қазақстан» пойызы Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына бағыт алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан 200-ге жуық қаңғыбас ит вакцинацияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *