Ел өңірлерінде 2025–2026 жылдардың қысқы маусымына дайындық аясында мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, Солтүстік Қазақстанда жем-шөп дайындау 97,3% орындалды, деп жазады  Qazaqstan Media.

Ел бойынша қысқа мал азығын дайындау туралы ауыл шаруашылық министрлігі хабарлады. Мәлімет бойынша, жоғары қарқын Қостанай (96,5%), Ақмола (92,3%), Солтүстік Қазақстан (97,3%) облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында (91,0%) және Шымкент қаласында (100%) байқалады.

«Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, бүгінгі күні 17,9 млн тонна шөп, 1,2 млн тонна сенаж, 422,6 мың тонна құнарлы мал азығы, 1,1 млн тонна сабан, 193,5 мың тонна сүрлем дайындалған.

2025–2026 жылдардың қысқы маусымына бекітілген жоспарлы көлемдер: шөп – 24,5 млн тонна, сенаж – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, құнарлы мал азығы – 5,6 млн тонна, сүрлем – 2,0 млн тонна»,-деп хабарлады ҚР АШМ.

Қазіргі дайындалған мал азығы көлемі қыстан қысылмай шығуға, келер көктемге дейін жетеді деп отыр мамандар.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының әкімі болып Бейбіт Исманов сайланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *