Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Новоишим ауылында 34 пәтерлі үй жаңғыртудан өтуде. Ол баспана кезегінде тұрған ауыл азаматтарына мемлекеттік бағдарлама арқылы беріледі, деп жазады Qazaqstan Media.

Екі қабатты баспанадағы пәтерлерді сатып алу үшін 700 млн теңгеге дейін қаражат керек. Оның негізгі бөлігі республикалық бюджеттен бөлінеді. Қазіргі кезде 165,5 млн теңге беріліпті. Тағы да 192 млн теңге бөлінеді деп күтілуде. Қалған ақша жергілікті қаражаттан беріледі.
Бастапқы кезеңде ауданданық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі 15 пәтерді сатып ала алады. Олардың кімге берілетіндігін «Отбасы банк» шешетін болады. Жалпы үй кезегіне кім ерте тұрды сол басымдыққа ие.
Өзінің баспанасын армандаған 691 адам қазір ауданда пәтер кезегінде тұр. Оның ішінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар және жетімдер мен көпбалалы отбасылар да бар.

Тағы оқыңыз: Солтүстікте шілде айы ыстық болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *