Шілде айында Солтүстік Қазақстан облысында +35 градусқа дейін ыстық болады.  Мұны синоптиктер болжап отыр. Айтуларынша, жаздың екінші айында кейбір аудандарда  жауын-шашын да молынан болмақ, деп жазады Qazaqstan Media.

Елдің солтүстігінде шілде айында ауа температурасы орташа есеппен +18 +19 болады деп болжанып отыр. Бұл осы кезге тән климаттық норма екен. Ал ең ыстық кездерде термометр көрсеткіші +25-ті көрсетеді, дейді синоптиктер.

«Айдың басында ауа температурасы тұрақсыз болады. Түнде кейбір кезде  +5ке дейін салқындауы мүмкін, Ал күндіз + 26 +31 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал»,-дейді Қазгидромет мамандары.

Ал, айдың ортасы  мен соңында «шілденің шіліңгір ыстығы» басталады екен. Түнде  +15ке дейін жылы болса,  күндіз термометр көрсеткіші +35 ке дейін көтеріледі. Ал жауын-шашынға келер болсақ,  кей жерлерде  мөлшеріден көп болады, дейді синоптиктер.  Ай бойы өткінші жауын, күн күркіреуі күтіліп отыр. Сонымен қатар екпінді жел де болжануда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құтқарушылар зейнеткерді аман алып қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *