Солтүстікқазақстандық прокурорлар қытайлық инвесторды әкімшілік айыппұлдан аман алып қалды. Шетелдік инвестор өңірде 1,6 млрд теңгеге цех салып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Шетелдік инвесторлық құқығын құзыретті орган  өкілдері «Прокурорлық сүзгі» аясында қорғады. Ол бойынша инвесторларды негізсіз әкімшілік істер қозғаудан, тексерулер тағайындаудан, шектеулер мен тыйымдар қолданудан, оларды сот процесіне тартудан қорғау қамтамасыз етіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысында салық органы формалды негіздерге сүйеніп, қытайлық инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тартуға бастама көтерген. Алайда прокуратура бұл шешімді келісуден бас тартты»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Инвестор облыста өз жобасын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Оның  құны 1,6 млрд теңге. Макарон өнімдерін өндіретін цех салынуда.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *