Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісі – Әкелер күні ретінде атап өтіледі. Бұл – әр отбасы үшін ерекше мағынаға ие, жүрекке жақын мереке. Себебі әр баланың өмірінде әкенің рөлі айрықша, орны биік. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Шухрат Әшімовтың ұлы Маңсұр QM редакциямсына әкесі туралы айтып берді.  

 

Шухрат Әшімовтың ұлы әскери қызметтің қиындығы мен жауапкершілігін ерте жастан түсінген. Әкесі таң ата жұмысына аттанып, кейде түнге дейін қызметте болатын сәттер де жиі кездеседі. Алайда бала мұның бәрін ел алдындағы борыштың бір бөлігі ретінде қабылдайды.

 

Әкелер күні. Ұлттық ұлан офицері – баласының мақтанышы
Әкелер күні. Ұлттық ұлан офицері – баласының мақтанышы

«Әкелер күні – мен үшін ерекше, қадірлі күн. Бұл мереке менің өмірімдегі ең маңызды адам – әкеме арналады. Әкемнің әскери қызметі, ел тыныштығы жолындағы адал еңбегі мен үшін нағыз ерліктің белгісі. Біз үшін оның формасы – бейбіт өмір мен қауіпсіздіктің символы», – дейді Мансұр.

Мансұр үшін оның әкесі – тек отбасының ғана емес, қоғамның тірегі. Ол болашақта да әкесінің жолын қуып, еліне адал қызмет етуді мақсат тұтады. Осындай қарапайымдылық пен шынайылық арқылы тәрбиеленіп келе жатқан ұл үшін офицердің баласы болу – мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік. Мансұрдың айтуынша, оның әкесі көп сөзбен емес, іспен тәрбиелейді.

«Әкем көп сөйлемейді, бірақ оның әр сөзі – терең мағынаға толы. Ол бізге әрқашан шыншыл болуды, Отанды сүюді, тәртіп пен еңбекті бағалауды үйретеді. Бұл – менің өмірлік ұстанымдарымның негізі», – дейді ол.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының әкімі қызметінен кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *